KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Өскемендік ғалымдар 266 миллион теңгенің грантын ұтып алды

16.03.2018, 06:44 70

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары әзірлеген бірегей жоба Ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру байқауында 266 миллион теңгенің грантын ұтып алды.


Грант «Машина жасау бұйымдары үшін қажалуға төзімді материалдарды алудың инновациялық технологияларын әзірлеу» жобасын іске асыруға беріліп отыр. Жоба жетекшісі, ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертхананың меңгерушісі, доцент Бауыржан Рахаділовтің айтуынша, жұмысты орындау мақсатында түйісуші денелердің үйкелісі мен тозуын зерттейтін арнайы трибология зертханасы құрылмақ.



Университеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сәйкес, алдағы екі жылда ШҚМУ бес іргелі ғылыми жобаны жүзеге асырады. Оның бірі жоғарыда аталған жоба болса, қалған төртеуі жалпы сомасы 110 миллион теңге грант бойынша жүргізілетін мына жобалар – «Полимерлік материалдардың трибологиялық қасиеттерін жақсарту», «Тісті берілістердің қызмет мерзімін арттыруға арналған технология әзірлеу», «Аймақ жағдайында шағын су электр стансасының үлгісін жасау», «Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы естеліктер және оларды киелі жерлермен байланыстыру».



Техникалық бағыттағы ғылыми жобалар білім ордасының зертханалары мен өндірістік алаңында, ал гуманитарлық жобалар «Алтайтану», «Назарбаевтану», «Зияткер», «Мәңгілік ел» және «G-Global» орталықтарында жүзеге асырылмақ.


Қазіргі кезде университет ректоры Мұхтар Төлегеннің нұсқауы бойынша ғалымдар «Горизонт – 2020», «Эразмус+» халықаралық бағдарламалары және Дүниежүзілік банк арқылы жобаларды қаржыландырудың қосымша көздерін іздестіруде.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив