KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да тантал өнімі медициналық мақсаттарға пайдаланылмақ

20.07.2017, 10:26 79

Шығыс Қазақстанда құрамына 10 жоба енгізіліп отырған төрт мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар жасалынған.


Қазіргі күні Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиямен 3 млрд. теңгенің 7 жобасы бекітіліп отыр. Үш жоба кәсіпорындар есебінен қаржыландырылмақ.


- Мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың басты міндеті өндірісті әртараптандырып қана қоймай, инновациялық жағынан жаңарту,-дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.-Бұлар түбегейлі жаңа жобалар.


Жаңашылдық адам организмімен бірге жақсы бітісе алатын тантал металына, тантал ұнтағы индустриясын медицинада адам мүшелерінің қызметіне пайдалануға, сүйектерді алмастыруға, басқа да мақсаттарға қолдануға қатысты болып отыр. Инновациялық жобалар бойынша медициналық мақсаттарға пайдаланылатын тантал өнімдері шығарылмақ.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив