KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Сот орындаушылардың жалақысы қалай белгіленеді?

3.02.2018, 04:11 100

– Бүгінде елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларға орай мемлекеттік сот орындаушылардың саны азайып, жеке сот орындаушылар саны артып келеді. Бұл түсінікті. Алайда, солардың алатын ақысы тым жоғары емес пе? Мәселен, олар жүргізген ісіндегі соманың 25 пайызын алады? Сонда бұл соманы кімдер белгілейді? Жасыратыны жоқ, бұл көп адамдардың қалтасына ауыр тиіп жатады ғой...


Айтуған Алтайұлы


Аягөз ауданы.


Сауалға облыстық әділет департаментінің басшысы Ерлан Дауылбаев жауап береді:


– Мұндай сауал туындағанда, бірінші кезекте адамдар барлық жүргізілетін істің қызметі 25 пайыз екен деп түсінбеуі қажет. Істерге байланысты бағасы да әртүрлі болады. Мысалы, сомасы 1 мың айлық-есептік көрсеткіштен жоғары болса, 1 пайыз алынатын істер бар. Сома неғұрлым үлкейген сайын пайыз кішірейе береді. Сондықтан, қаралған істің бәрінен 10, 20, 25 алынады деген түсінік болмау керек. Мұның бәрі істерге, оның сомасына байланысты Үкіметтің қаулысымен нақты қарастырылған.


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив