KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Сырқат сәби үшін тікұшақ келді

1.02.2018, 10:55 142

Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық көмек және Кардиология орталықтары кіретін медициналық кластер құрылды.


Еліміздің ең шалғай аудандарын медициналық қызметтермен қамтитын көлік медицинасы жедел қарқынмен дамуда.


(«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауынан)


29-қаңтар күні түс әлетінде Күршім аудандық орталық ауруханасының шақыртуымен санитарлық авиация тікұшағы келіп кетті. Ол – Өскемен қаласындағы ана мен бала орталығына бесайлық баланы шұғыл жеткізу үшін арнайы шақыртылған тікұшақ.


Аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Л.Шоқаева:


– Жағдайы ауыр науқастарға шұғыл түрде арнайы медициналық көмек көрсету керек болған жағдайда, облыстық санавиация бөлімінің көмегіне жүгінеміз. Тапсырыс күнбе-күн жасалып, сырқаттың жағдайы туралы толық мәлімет берілген соң, облыстық дәрігерлер консилиумының қорытындысына сүйене отырып, Денсаулық сақтау министрлігінен науқастың тек әуе арқылы жеткізілуіне рұқсат беріледі. Былтырғы жылы біздің ауданға 11 рет тікұшақ келіп, бір жүкті, төрт ересек екі нәресте және әр жастағы балалар тез арада облыс орталығына жет-кізілген болатын,-деп, бүгінгі жағдайға тоқталды.


– Заңғар есімді борандық  нәресте туа бітті сырқатына орай үнемі дәрігерлер бақылауында болды. 27-қаңтарда аудандық ауруханаға жатқызылып, жағдайы қалыпқа келтірілді. Бұған дейін жүрегіне ота жасалған баланың жағдайы ауыр, тынысталуы қиын болған  соң жедел түрде облыс орталығына жеткізу туралы шешім қабылдадық. Адам өмірі таразыға түскен кезде әр секунд маңызды. Жердің шалғайлығы, күннің аяздығы, баланың мүш-кіл халі ескеріліп,   министрлік тарапынан оң шешім шығарылғанына қуандық. Тікұшақ сәби мен анасы облыстық ана мен бала орталығы соматика бөліміне аман-есен жеткізілгендігі жөнінде бір сағат ішінде хабар алдық,-деген Ләйлім Алтынғазықызы әуе арқылы келетін көмектің ондаған күршімдіктің өмірін сақтап қалғандығын тілге тиек етті.

Ресми деректерге жүгінсек, санитариялық авиация шақыртуларының ішінде бірінші орынды балалар жасындағы патология, екінші орында – жарақаттану, қайғылы оқиғалар және улану, үшінші орында – акушерлік тәжірибедегі шұғыл жағдайлар, төртінші орында – жаңа туған нәрестелердің патологиялары, бесінші орында – қан айналымы жүйесі аурулары және өзге де аурулар алады.


Қазақстанда санавиация қыз-метінің бірінші ұшырылымы 2011 жылғы 12 шілдеде жасалған. Осы сәттен бастап еліміздің әр азаматы, жасына, сырқатына қарамай, әуе арқылы келетін жедел жәрдемге үміт артып, жан-жақты медициналық көмек көрсетілетін орталықтарға жедел жету мүмкіндігіне ие болып отыр. Санитариялық авиацияның мобильдік бригадалары арнайы және жоғары кәсіби медициналық көмекті Қазақстанның барлық аймағында тәулік бойы көрсетуге дайын аса білікті жоғары мамандандырылған дәрі-герлермен жасақталған. Сан-авиация денсаулық сақтау ұйымдарының әлеуметтік бағдарлан-ған, ерекше түрі болып табылады, оның қызметі еліміздің шал-ғайдағы аудандарында тұратын халыққа уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив