KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Май зауытындағы тергеу комиссиясының жұмысы ұзартылды

16.01.2018, 09:42 241

Май зауытындағы жарылысқа байланысты оқиға орнында жұмыс істеп жатқан тергеу комиссиясының жұмысы ұзартылды. Бұған дейін аталған комиссия жұмысы 10 күн ішінде аяқталып, қорытындысы жарияланады деп мәлімденген еді. Сонымен қатар төтенше оқиғаның себебі де баяналады деп болжамданған. Алайда жақында белгілі болғандай, тергеп- тексеру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр екен


– Комиссияның жұмысы жалғасып жатыр.  Апаттың нақты себебі туралы айту әзірге ерте. Зардап шегушілерге өтемақы мөлшері тек ресми  шешім шығарылған соң ғана белгіленеді,-деді  Индустриалды өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің бөлім басшысы Рамиль Болатқан.

Естеріңізге салсақ, зауыттағы жарылыс салдарынан 2 жұмысшы  зардап шеккен болатын. Олардың бірі- Алексей Столяров ауруханада көз жұмды.  Кәсіпорын басшылығы марқұмның отбасына өмір бойы көмек көрсетуге уәде берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив