KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

Алаңғасар көлік жүргізушілеріне алдымен ескерту жасалады

15.01.2018, 08:59 141

Әкімшілік  құқық бұзушылықтар бойынша кодекске біршама өзгерістер енгізілді. 2018-ші жылдың қаңтар айынан бастап, 40 құқық бұзушылық түрі бойынша айыппұл мөлшері азайтылды. Сонымен қатар көлік жүргізушілерінің көңілінен шығатын тағы бір жаңалық, кейбір қателіктер үшін енді ескерту ғана жасалады. Мәселен, жақын жарық фары  немесе тұманға қарсы құралы қосылмаған көлікті басқарып келе жатқандарға ескерту тиесілі. Дегенмен ескертуге бола салғыртсуға болмайды.  Ескертулер тіркеліп, қайталанған жағдайда айппұлдан ешкім де қашып құтылмайды.


-449 бап 1б.бойынша қоғамдық орындарда  қызмет көрсетулерді күштеп ұсынып, адамдардың мазасын алғандарға да ең алдымен тек ескерту жасалатын болады,-деді ШҚО ІІД бөлім бастығы Дархан Буланов.

Бұл өзгерістерді әсіресе автовокзал маңындағы  жеке такси тасымалдаушылары ерекше қуанышпен қабылдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив