KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Өндірістік кооперативтердің өнімі көбеймек

12.01.2018, 08:20 68

Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында бүгінде барлық аймақтарда жаппай кооперативтер құрылуда. Мал басын өркендетіп, жұртты сапалы етпен қамтамасы етуге бағытталған бұл қадам аса құптарлық іс екені әмбеге аян.


Мәселен, аудан көлемінде құрылған 31 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінде 995 адам  тіркелген. Соның 24-і ұсақ шаруа қожалықтарынан, 971 ауыл жұртшылығынан. Кооперативке біріккен мал басы 7503 бас ірі қара. Осының ішінде 6677 бас аналық, яғни 89 пайызды құрайды. Бір қуанарлығы, осы ашылған өндірістік кооперативтерге ауылдың 109 адамы жұмыспен қамтылды. Кооперативтер құрылып, оның мүшелері мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді пайдалануда. Мәселен, Сарыарқа ауылдық округінендегі «Балтатарақ», Қарағаш ауылынан «Қарағаш Асыл», Мамырсу ауылынан «Мамырсу-2017» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінің 61 мүшесі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы барлығы 128 млн. 200 мың теңгеге несие алып, осыған бір рефрижератор автокөлігін және 736 бас ірі қара мал сатып алды. Бүгінгі күні 60 отбасы мал бордақылау кәсібімен шұғылдануда. Бұдан өзге жуық арада тағы бір мал сою пунктін ашу жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив