KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.05 534.57 5.17

Өскеменде жаңа кітаптың тұсауы кесілді

4.12.2017, 05:16 109

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Өскемендегі А.Пушкин атындағы кітапханада «Рухани жаңғыру: сөз бен ой құдіреті» деген тақырыпта С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың доценті Люция Абдуллинаның «Говорить как Назарбаев» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді.


Тұсаукесерге кітаптың қадірін білетін, сөз бен шешендік өнерді бағалай алатын оқырмандар көптеп жиналды. - «Өнер алды - қызыл тіл» дейтін халқымыз ежелден сөз өнерін қадірлеген. Мұралардың ең қымбаты да асылы - сөз өнері. Қазақ халқы киелі сөздің құдіретіне қашан да бас иген. Шешендік өнер «бар өнердің биігі» ретінде саналған. «Нұрсұлтан Назарбаев бізді жаңа істерге шабыттандырады», «Ол өз халқының басын біріктіріп, жарқын болашаққа бастады», «Ол өз керуенін жаңа мыңжылдықтың ұлы көшіне бұрды» деп, әлемдік саяси элитаның Елбасымыздың қызметіне берген жоғары бағасы, ең алдымен оның сөздерінің қуаты мен сендіру қабілетіне берілген баға болса керек. «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын іске асырып, қоғамдық сананы жаңғырту аясында Елбасының халыққа сөзбен рух беруі әрқайсымыз үшін оқып-үйренудің ерекше үлгі-өнегесі,-дейді А.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың директоры Хабиба Ақжігітова.


Елбасының шешендік өнерінің құпиясы жайында сындарлы әңгімені аталған жаңа кітаптан өзге 160-тан астам ғылыми еңбектің авторы, филология ғылымдарының кандидаты Люция Абдуллина жүргізді. «G-Global» коммуникативтік алаң байқауының жеңімпазы, филология ғылымдарының қолданбалы мәселелер және полилингвальды мамандар әзірлеу бойынша ғылыми жобалар жетекшісі, өңіріміздің ғылым-білім саласында кеңінен танымал Люция Ильдарқызының ғылыми зерттеулерінің нәтижесі Ресей, Украина, Белорусь, АҚШ, Германия, Польша, Италия елдерінің басылымдарында жарық көрді.


- Сауатты сөздің күш-қуаты керемет. Қазіргі күні шешендік шеберлік кәсіби қызметтің барлық саласына қажет, - дейді басылым авторы Люция Абдуллина. – Көпшілік алдында шебер сөйлеудің жоғары деңгейі – қызметте өсу сатысының кепілі болуы да мүмкін. Президентіміздің сөз сөйлеу шешендігі ерекше. Саяси көшбасшының сөз өрнегін талдау саяси коммуникация саласы және кәсіби сұхбаттасу жағдайларында табысты формула құру механизмдерін айқындауға көмек береді. Елбасы сөзінің тереңдігі мен кеңдігі, жеделдігі мен сыншылдығы жете қарағанда сирек құбылыс емес, керісінше, шешендік әдіс-тәсілдерінің ашықтығы әркімнің оны меңгеруіне және Президентше сөз сөйлеуіне мүмкіндік береді. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық-отаншылдық бағдарлы сөздері өз бағытымыздан адаспайтынымызды дәлелдей түседі.


Бүгін тұсауы кесілген жаңа кітаптың материалдары кәсіби салада сұхбаттасу кезінде қолданылатын ұғымдар мен коммуникациялық теория түсініктері, сөз мәдениеті, іскерлік риторика негіздері бойынша әзірленіпті. Жаңа кітаптың бұрыннан бар әртүрлі арнайы әдебиеттерден өзгешелігі – Елбасы сөздерінің мәтіндеріндегі нақтылы коммуникативтік формулалар мен шешендік шеберлік әдістеріне негізделген. Кітапты А.Пушкин кітапханасының оқырман залынан оқып, шешендік шеберлігіңізді шыңдауға болады.


*«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман».


*140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық. Біздің міндетіміз – оны қорғау, сақтау және байыту.


*Біз әлемдік мұхитта өз бағытымен аман-есен жүзіп келе жатқан қайығымызды ешкімнің шайқауына жол бермейміз.

Нұрсұлтан Назарбаев


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив