KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, Ю
482.86 533.17 5.08

Үштілділікті меңгеруге 1,7 миллиард теңге бөлінді

29.11.2017, 07:54 223

Облыста үштілді білім беру бағдарламасын дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

Өткен жылы 3,5 мың шығысқазақстандық мұғалім тіл курстарында білімдерін жетілдіріп қайтты. Оларға Ұлыбритания, АҚШ, Канада елдерінен келген мамандар дәріс оқыды. Осы орайда, өңірде былтыр үштілділікті жетік меңгерген 12 мұғалімге стимул ретінде 170 мыңнан 800 мың теңгеге дейін сыйақы берілгенін айта кеткен орынды.

– Өңірде үштілді білім беру бағдарламасын дамыту үшін арнайы оқыту бағдарламасы жасалып, жаңа оқулықтар сатып алынды. Сонымен қатар, орыс мектептерінде білім алып жатқан оқушыларға қазақ тілін үйрету үшін белгілі профессор Фаусия Оразбаеваның әзірлеген оқулығы қолданылуда. Ал қазақ мектептеріндегі балалардың орыс тілін еркін меңгеруі үшін профессор Елизавета Хамраеваның оқулығын пайдаланылуда, -деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив