KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 1 м/с, В
480.11 532.25 5.14

Форум аясында Жастар ресурстық Орталықтары үшін семинар-тренингтер ұйымдастырылуда

27.11.2017, 16:08 216

Шығыс Қазақстан облысының XVII Жастар форумы аясында, аудандар мен қалалардағы Жастардың ресурстық Орталықтарының жетекшілері үшін арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Жиын барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тереңінен түсіндірілді.


Облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты Жастар ресурстық Орталығының директоры Арайлым Есімбекованың айтуынша, қазірден бастап өскелең ұрпақ болашақ үшін қамдануы керек. Ол үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жете оқып, түсінуі қажет. Бұл мақалада ең алдымен халықтың ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.


Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев мәлімдегендей, ел Президенті Қазақстан үшін қайта жаңғырудың ерекше маңызды екі қадамын, саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, болашаққа қалай қадам басу қажеттігін де түсіндіріп отыр. Рухани жаңғыруға бір мысал, біз латынға көшу ісіне үлкен дайындықпен келіп отырмыз. Көптеген іс-шаралар атқарылды. Халықтың пікіріне назар аударылды. Елімізде латынға көшуді қолдайтындар барлығы дерлік үн қатты. Себебі, латынға көшу уақыт талабы болатындығын жастар да терең түсініп отыр. Халық бірлігін нығайту, Қазақстан халқының ынтымағы осының барлығы жастар алдындағы рухани жобалардың негізі болуы тиіс, деді семинар-тренингке қатысушылар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив