KZ
Өскемен
+18°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Назарбаев зияткерлік мектебі мұқтаж жандарға жылы киім жинады

7.11.2017, 03:38 183

Облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Шын жүректен» атты қайырымдылық акциясы өтті. Шара барысында жәрмеңке ұйымдастырылып, жылы киімдер жиналды.


Зияткерлік мектебінде көп балалы немесе толық емес отбасыларынан шыққан балалар да оқиды. Оқу орнының өзін өзі басқару ұйымы қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, жылу жинау туралы шешімге келіпті.


Директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Гүлшат Мұхтарханованың сөзіне қарағанда, жәрмеңкеде саудалайтын тағамдар мол болған. Бұл ата-аналардың көмегі екен. Олар үстелдерді алдын ала әзірлеп, өздерімен қолдан пісірілген тәтті тоқаштар, қысқа дайындалған өнімдер ала келген, сауда жасаудан балаларды да босатыпты.


Сауда алғашқы сәттен-ақ қызу жүріп кетті. Мектептің қонақтары, мұғалімдері мен оқушылары вафли, торт, басқа да тәттілерді, шырындарды тез-ақ алып қойды. Қысқа тұздалған көкөністер мен тосаптарды да пышақ үстінен бөліп алды. Ең бастысы өнімдердің барлығы қолжетімді әлеуметтік бағалармен сатылды.


–Маған жәрмеңке қатты ұнады. Соншама дәмді тағамдар болды! Біз бұл жерге үзіліс сайын келдік, – дейді 8 «С» сыныбында оқитын Мирас Акитов.


Саудаларын бірінші болып «Ақтамберді жырау» шаңырағының ата-аналары аяқтады. Алғашқы күні олар 50400 тенгенің саудасын жасады. Басқа шаңырақтардан да шамамен осынша кіріс түсті.


– Біздің түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткендері үшін ата-аналарға деген алғысымыз шексіз. Жиналған қаражатқа өзін өзі басқару ұйымы оқушыларымыздың біріне ноутбук пен жылы киімдер алып бермекші. Біз осылайша оның арманының орындалуына ықпал етеміз және жатақханада үш баланы жалғыз өсіріп келе жатқан әкелеріне аздап болсын көмегіміз тиеді деп ойлаймын, – дейді мектеп директоры Кульфарида Раисова.


Жиналған киім-кешек басқа да мұқтаж отбасыларына үлестіріліп беріледі. Сол жағалаудағы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне де жіберіледі. Зияткерлік мектебі олармен «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы аясында жұмыс істейді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив