Дилердің жоқтығы қолбайлау болып тұр
Жарма ауданында жылу маусымына дайындық ойдағыдай. Аудан әкімі Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, бүгінде халықты көмірмен қамту бойынша проблема жоқ.
– Тек Қаражыра кен орнынан тасымалданатын қатты отынды жеткізуге қатысты біраз мәселе бар. Оған себеп, аталмыш кен орнындағы кәсіпорын аудандармен дилерлер арқылы ғана жұмыс істейді. Ал бізде ондай дилер жоқ. Тек келісімшарт жасасқан бюджеттік мекемелер ғана Қаражыраның көміріне еш қиындықсыз қол жеткізе алады. Жалпы, ауданымызда екі көмір түсіру орны бар. Оның біріншісі – Шар қаласында, екіншісі Жаңғызтөбе кентінде орналасқан, – деген аудан басшысы бүгінде жармалықтар негізінен Майкөбе мен Екібастұздан жеткізілетін қатты отынды сатып алатынын айтуда.
Оның мәлімдеуінше, бүгінде аудандағы мектеп, аурухана сияқты мемлекеттік мекемелерге көмір жеткізумен айналысатын кәсіпкерлермен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жөнінде де келіссөздер жүргізілуде.