KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Оқушылар өрт сөндіру қызметінің қыр-сырымен танысып

22.09.2017, 04:15 251

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары денсаулық күні аясында өрт сөндіру қызметінің қыр-сырымен танысып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп үйренді.


Талапты оқушылар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін тыңдап, құтқарушылардың киімін киіп көрді. Өрт сөндірушінің киімін бір минуттың ішінде киіп үлгеру қажеттігін білген балалар да өз күштерін сынап көрмек болды. Алайда олардың ешқайсысы да керемет ептілік көрсете алмады. Дегенмен алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуде олардың дайындығы бұдан ілгері екені байқалды. Зияткерліктер жарақатты қалай, немен залалсыздандыру қажеттігін білгенмен, дәкемен дұрыс орай алмайтын болып шықты.


Мамандар оқушыларға алғашқы көмектің негізгі түрлерін үйретті. Жаттығулардың қызықты болғаны соншалықты, балалар өрт сөндірушілерден тағы да келуді өтінді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив