KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,8 м/с, Ю
441.44 473.09 4.75

Жармада «Шар-Ет» кооперативі құрылды

19.09.2017, 10:16 204

Жарма ауданында 20 адамнан құралған «Шар-Ет» кооперативі құрылды. Бұл ұжым Шар қаласында мал сою цехын құруды көздеп отыр.


Әзірше цехтың орны, жабдықтау құралдары, жұмысқа қажетті техникалар нақты бекітіліп қойған жоқ. Дегенмен, кооператив басшысының айтуынша, ұжым ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының шешімін тосып отырған көрінеді. Керекті қаражат бөліне салысымен Алматы қаласындағы «Казтехпромсервис» зауытынан модульді жабдықтар алынып, цех іске қосылуы тиіс. Алғашқы кезеңге 20-30 бас ірі қара, сонымен қатар, біршама ұсақ мал дайын тұрған көрінеді. Аталған цех тәулігіне 5-10 бас ірі қара, 50-ге жуық ұсақ мал союға қауқарлы. Мал бордақылаудан бастап, ет өңдеуге дейінгі процесс осы цех базасында жүзеге аспақ.


Жалпы, аудан бойынша жыл соңына дейін 32 кооператив құрып, мүшелерінің санын 949 адамға жеткізу жоспарланған. Бүгінге дейін құрылған 33 кооперативтің құрамында 675 мүше бар. Енді соларды іріктеп, ірілендіру қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан облысқа жоспар-тапсырма ретінде белгілеген 32 пилоттық жобаның екеуі осы Жарма ауданына тиіп отыр.


Сол тапсырма аясында құрамында екі сүт қабылдау пункті бар «Жарма-Сүт» кооперативі құрылды. Келер жылы бұл ұжым тағы бір модульді сүт қабылдау пунктін ашуды жоспарлап отыр. Екінші пилоттық жоба жоғарыда айтылған «Шар-Ет» кооперативі болмақ.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив