KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Есірткі қолданушылар саны Глубокое мен Шемонайха аудандарында ең көп тіркелген

28.06.2017, 05:46 184

Облыстық ішкі істер департаментінің  наркобизнеспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын бұрынғыдай пойызбен емес, поштамен тарату фактілері кездесетінін айтады.


Үстіміздегі жылдың бес айында  нашақорлықпен күресушілер есірткі заттарын жарнамалайтын 10 сайтты әшкерелепті. Бұл порталдар туралы барлық мәліметтер тиісті орындарға бұғаттау үшін  жіберілген. Жыл басынан бері психотропты заттарды әзірлеу, сақтау және заңсыз таратқан 154 қылмыс тіркеліпті.


Шекарашылармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде облысқа үш жылдан бері героин әкелінбейді, оның жолдары толық кесілген. Бірақ өңірде апиын заттарын қолданатын, ине салатын нашақорлар бар,  - деді баспасөз мәслихатында облыстық ішкі істер департаменті  наркобизнеспен күрес жөніндегі басқармасының алдын алу және ведоствоаралық үйлестіру бөлімінің бастығы  Асхат Рамазанов.


Статистикалық мәліметтер бойынша, облыстық наркологиялық диспансерде  3077 нашақор есепте тұрса, олардың  1561-і есірткі заттарын инемен салады. Сананы улайтын заттармен әуестенетіндер негізінен Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларында шоғырланған.  Есірткі қолданушылар сондай-ақ Глубокое мен Шемонай аудандарында жиі тіркелген.


Есірткімен күрескерлердің айтуынша, бүгінгі күні өткір тұрған мәселе – дәріханалық нашақорлық.  Кейбір дәріхананың қожайындары үлкен айыппұл ( 100 АЕК , яғни 226900 теңге)  төлейтіндеріне қарамастан, психотропты заттарды рецепсіз сата береді.


-Дәріхана қожайындарына тыйым салынған заттарды сату өте тиімді болса керек, әйтпесе осындай үлкен айыппұлға қарамастан олар бір күнде бірнеше рет ұсталады, - дейді Асхат Рамазанов. – Мысалы, рұхсат етілмеген дәріні сатқан фармацепт айыппұлын енді ғана төлеп болады. Сол күні кешке біздің қызметкерлер оны дәл осындай қылмысы үшін қайтара ұстаған фактілер бар.


ҚР Әкімшілік кодесіне сәйкес, жиі заңбұзушылыққа барған дәріханалар айыппұл төлепп қана қоймай, қызметіне лицензиясынан айырылуы да мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив