KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Глубокое ауданындағы екі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

22.05.2017, 18:00 195



Ағымдағы жылы Глубокое ауданындағы екі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Аудан әкімі Қалихан Байғонысовтың айтуынша, қазір ауданда 28 білім ошағы бар. Соның ішінде 23-і орта, үшеуі негізгі және екеуі бастауыш білім ошақтары.

– Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ тапсырмасына сәйкес, біз биыл Винное орта мектебінің шатырын жөндеп, Белоусовкадағы бастауыш мектептің ішіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Негізі Белоусовкадағы білім ошағын жөндеу үшін 30 миллионнан астам теңге көлеміндегі қаржы жұмсалатын болады. Келесі жылдан бастап аудандағы басқа білім ошақтарына да жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, - дейді Қалихан Байғонысов.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив