KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

1 маусым күні елімізде тұңғыш рет балалар шеруі өтеді

16.05.2017, 18:00 100



1 маусымда Елордамыз-Астанада және барлық облыс орталықтарының көшелерінде балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді. Елімізде биыл тұңғыш рет өткізілетін бұл шеруге 40 мыңнан астам оқушы қатысады.

Халықаралық балаларды қорғау күні өткізілетін театрландырылған шеруді ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдардың және басқа да қызығушылық танытқан ведостволар мен ұйымдардың қолдауымен өткізуді жоспарлап отыр.

Республикада алғаш рет өткізілетін бұл мерекелік шара «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында, эстетикалық және патриоттық тәрбие үлгісі ретінде балалар мен студенттердің салтанатты көше фестивалін қолдау және дамыту мақсатында өткізілмек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шеру еліміздегі барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кең көлемді республикалық акция, еліміздің мәдени өміріндегі бірегей оқиға болмақ.
Бұл күні бір уақытта барлық облыс орталығының, республикалық маңызы бар қала-Алматының және Астананың орталық көшелері мен даңғылдарынан барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары ғажайып сән-салтанатымен жүріп өтеді. Әр түрлі музыкалық аспаптармен сүйемелденетін қызықты репертуарлар, музыкалық ұжымдардың бірыңғай киімі, жаңаша әрленген шығармалар, әсем ән мен мәнерлі би – балалар мейрамына есте қаларлықтай көрініс сыйламақ.

Бүгінде оқушылар, студенттер, ұстаздар мен мәдениет және спорт өкілдері ерекше өтетін мерекелік шеруге қызу дайындық үстінде.

Айжанат Бақытқызы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив