KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Өскеменде Халықаралық балалар күні ерекше тойланды

31.05.2017, 18:00 196


Өскеменде Халықаралық балалар күніне орай 4 мыңға жуық оқушылар мен студенттердің қатысуымен салтанатты шара өтті. Мереке иелерін ШҚО әкімі Даниал Ахметов құттықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оқу жылында халықаралық олимпиадалар мен байқауларда жеңіске жетіп, жоғары жетістікке ие болған 25 балаға аймақ басшысы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.

– Оқу-білім саласында ізденіс танытып, тіл үйрене отырып, еліміздің ертеңін қалауда өз үлестеріңізді тигізесіздер. Тәуелсіздіr жылдарында ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, ата-баба сенімін ақсайсыздар деген сенімдемін, – деді құттықтау сөзінде аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Облыс аумағының әр аудан-қалаларынан 40-тан астам шығармашылық және білім ордаларының оқушылары қатысқан шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Айта кетсек, ағымдағы жылы 147 мыңнан астам оқушы түрлі лагерьлерде демалмақ. Ал 8 мыңнан астам оқушы Астана қаласында өтетін Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне қатысады




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив