KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Қорғаныс министрлігі қытай танкілеріне қатысты түсініктеме берді

15.08.2018, 04:17 193

Еліміздің Қорғаныс министрлігі ғаламторда қызу талқыланған Қытай танкілеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттерінің «Бейбіт миссия» бірлескен лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындалу шеңберінде Қытай ұлт азаттық әскерінің бөлімшелері ҚР аумағы арқылы теміржол эшелонымен Ресей Федерациясы, Челябі облысының Шұбаркөл полигонына қозғалуды жүзеге асыруда. Жүру бағыты Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты, әрі қарай Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. ҚХР-дың эшелондарына Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қарауылы еріп жүреді», - делінген таратылған ақпаратта.


Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде қытайлық танкілерге қатысты видео тараған еді. Онда аспан асты елінің әскери техникасы теміржолмен тасымалданып бара жатқаны көрсетілген. Ал бейнежазба авторы, танкілердің Шығыс Қазақстан арқылы өтіп бар жатқанын айтып, алаңдаушылығын білдірген болатын.


Бұдан бұрын хабарланғандай, «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына ШЫҰ Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері қарулы күштерінің 3 мыңнан аса әскери қызметшісі және 500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техникасы тартылады деп көзделуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив