KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Телефон шұқылаған таксистің жауапсыздығынан үш адам зардап шекті

5.06.2016, 18:00 100



Ұялы телефонын шұқылаймын деп жолаушыларын ұмытып кеткен таксистің жауапсыздығы салдарынан, көліктегі екі бала зардап шекті.

Оқиға Өскемен қаласындағы «Dedeman» қонақ үйінің маңында болған. Пермитин көшесінен Ертіс жағалауына қарай бұрылған таксиде, жүргізушіден басқа үш жолаушы болыпты.

-ВАЗ 21099 көлігін тізгіндеген 37 жастағы таксист рульге ие бола алмай, жол жиегіндегі электр бағанасына соғылды. Жараланған жүргізуші мен тағы бір ересек жолаушы бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Салондағы екі бала Ана мен бала орталығына жатқызылды. Полицейлер жүргізушінің ұялы телефонға қарайлаймын деп, жол-көлік оқиғасына ұшырағанын анықтады,-дейді қалалық ІІД баспасөз қызметкерлері.

Жауапсыз жүргізушінің үстінен қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Оған ірі мөлшерде айыппұл салынады, немесе ол 75 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Дарын Нұрсапаров




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив