KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Сергей Елисеевтің көрмесі Астанада өтті

4.02.2016, 18:00 236



Шығыс Қазақстан өнер мұражайы Астана қаласындағы Ресей ғылым және мәдени орталығында өскемендік суретші Сергей Елисеевтің жеке көрмесінің ашылуын өткізді.

Бұл көрменің ерекшелігі 41 жастағы Сергей - өзге суретшілердей емес, үйінен бір қадам ұзап шығуы мұң, бірінші топтағы мүгедек жан. Ол жансызданып қалған қолдарының көмегінсіз, қылқаламды иегінде ұстап тұратын арнайы қондырғының көмегімен табиғаттың көз жауын алар тамаша көріністерін кәсіби суретшілерден кем салмайды. Міне, жиырма жылдан бері осылай...

Қылқалам шебері өзінің нақты мүмкіндіктеріне неғұрлым сай келетін майлы бояумен салынатын кескіндемені жақсы көреді. Оның негізгі жанры - пейзаж. Тау шыңдарына, сайын дала мен өзен суларына деген оның нәзік сезімді сүйіспеншілігі ересен. Ол қоршаған ортаның әдемілігі мен үйлесімділігін қапысыз сезе де, көре де біледі. Сергей алдынала, ойша композиция құрып, қандай реңктермен бояу керектігін ойланып, сол ойының түпкі нәтижесін көз алдына елестетіп алады. Сергей басын бұра отырып, иегінің мүмкіндіктерін барынша пайдаланады. Әрине, сау адамның екі қолымен атқаратын жұмысын әлсіз иегімен істеу суретшіні тез әлсіретеді. Сондықтан да майлы бояуды ол жұқа етіп жағады. Бірақ бұл тәсіл суреттің сапасына ешқандай нұқсан келтірмейді.

Сергей ЕлисеевСергей Елисеев

Көрменің ашылуына астаналық қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпараттар мен шығармашылық интеллигенцияның өкілдері қатысты. Орталықтағы көрменің ашылуына жиналған көрермендерді Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі М.Н.Бочарников, Қазақстандағы «Россотрудничество» өкілдігінің жетекшісі В.Л.Нефедов қызу құттықтады.

Шығыс Қазақстан өнер мұражайының директоры Н.Ә.Қалиева көрменің жобасы (ол бұған дейін Өскемен мен Семейде көрсетілген болатын) туралы айта келіп, осы көрменің өткізілуіне мұрындық болған Ресей ғылымы мен мәдени орталығының жетекшілеріне, А. Непомнящий мен В. Скрынников сияқты демеушілерге өзінің алғысын білдірді. Көрмеде суретші туралы түсірілген деректі бейнефильм көрсетілді.

Суретшінің шығармашылық шеберлігі мен рухани күші туралы қоғамдық бірлестіктер мен Астана Суретшілер одағының өкілдері көптеген жылы лебіздерін білдірді.

Айтмұхамбет Қасымов,
ШҚ өнер мұражайының қызметкері
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив