KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған хоккейшілер Өскеменге келді

14.01.2016, 18:00 93



Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған Қазақстан құрама командасының 12 ойыншысы Өскемен қаласына оралды, деп хабарлайды Altaynews.kz ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Құрама командаға енген 12 өскемендік ойыншы 7-11 қаңтар аралығында Австрияның Шпитталь-ан-дер-Драу қаласында өткен хоккейден әлем чемпионатында ел намысын қорғаған. Ал отандық команданың бас бапкері Ирина Могильникова «Топредо» командасынан шыққан ойыншы.

18 жасқа дейінгі жас дәрежесі бойынша қатысқан жасөспірімдердің 6 ойыншысы әлемдік сайысқа бірінші рет шыққан.

Айта кетсек, 7-11 қаңтар аралығында Австрияның Шпитталь-ан-дер-Драу қаласында өткен сайыста Қазақстан құрамасы Румыния, Қытай, Австрия ойыншыларымен сыңға түскен. Ал соңғы ойынша Ұлыбритания командасын 2:0 есебімен жеңіп, үшінші орын иеленеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив