KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Еліктің лағы хайуанаттар бағына жіберілді

18.09.2014, 18:00 230



Өскемен қаласындағы хайуанаттар бағы тағы бір жануармен толықты. Еліктің кішкентай лағы Катонқарағай ауылы тұрғынының ауласынан табылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жалпы, жабайы аңды өз аулаңда асырауға заң бойынша тыйым салынған екен. Бұл рұқсат етілмеген аңшылық ретінде қарастырылады. Орманшыларға аталмыш жәйт туралы жергілікті тұрғындар хабарлапты. Олар көршілерінің ауласындағы қоршаудың ішінде еліктің лағы қамалып тұрғанын айтқан. Еліктің «иесі» болса енесін браконьерлер өлтіріп кеткен лақты орманнан тауып алғанын айтыпты. Қалай болғанда да, ауласына жабайы жануарды қамап ұстаған азаматтың үстінен қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Дала жануары Өскемендегі хайуанаттар бағына жөнелтілді.

Инспекторлардың айтуынша, еліктің лағын бостандыққа жіберу еш мүмкін емес. Ол адамдарға үйреніп қалған және өздігінен өмір сүруге еш қауқарсыз.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив