KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 6 м/с, С
441.79 478.77 4.9

Жолдарды жөндеу жұмыстары Семейде күзге дейін аяқталады

24.06.2014, 18:00 129



Семей қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Мұрат Шәкерімовтың айтуынша, биыл жолдарды жөндеу жұмыстары күзге дейін аяқталуы керек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Биыл жиыны 10 шақырымнан астам жол жөнделеді деп жоспарланып отырған көрінеді. Бұған бөлінген қаражат көлемі - 1 миллиард 30 миллион теңге. Сондықтан қала басшылығы жолдардың жөнделу мәселесін басты назарда ұстап келеді. Бұл орайда қажетті шаралардың атқарылып жатқанын да айта кету керек. Алайда, мердігерлер өз жауапкершілігіне алған істерін мерзімінде аяқтамай, жөндеу ұзаққа созылып кетеді немесе кешеуілдеп жатады.

Биыл Мичурин, Дальняя, Железняков көшелерінде күрделі жөндеу, Аймауытов, Морозов, Шугаев көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек. Биылғы жол жөндеу жұмыстары кешеуілдеп басталды. Дегенмен, «Семей жолдары» серіктестігінің жолшы-шебері Сәфиолла Ғабитовтың айтуынша, олар өздеріне берілген жерлерде жұмысты белгіленген кестеге сай жүргізіп отыр.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив