KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде бұзылған көпірді «Гордорстрой» ЖШС өз қаражаттарына жөндеп береді

9.04.2013, 18:00 111


Семей қаласының көшелерін жөндеуге биыл шаһар қоржынынан 868 млн теңге қарастырылған, оның 268 млн көшелерді күрделі жөндеуден өткізуге бағытталады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторының деректеріне сүйеніп.

Бұл жөнінде қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Орынғали Исмаилов баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Ағымдағы жылы Герцен, Байсейітов, Ұранхаев көшелерінде орташа ремонт жасалады. Қазіргі күнде Герцен және Физкультурная көшелерінде қайта қалпына келтіру, жолдарды жөндеу, абаттандыру жұмыстары қолға алынған.
Сонымен қоса тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастығы Физкультурная, Герцен, Байсейітов, Ұранхаев көшелерінде заңсыз орнатылған темір гараждардың алынатындығы туралы хабарлады. Ретсіз орналасқан темір гараждар көшелердің сәнін бұзып қана қоймай, жөндеу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіруде.

Сонымен қатар баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, биыл «Гордорстрой» ЖШС өз қаражаттарына ескі көпірді жөндеуге ұсыныс білдіріпті. Келесі аптадан бастап жөндеу жұмыстары басталмақ. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін 2-3 күн ішінде көпір жабық болады.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив