KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1,2 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Ең үздік филолог-студент Семейде оқиды

25.04.2014, 18:00 152



Өскемен қаласы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да орыс тілі мен әдебиетінен республикалық студенттік пәндік олимпиада өз мәресіне жетті. Онда ең үздік филолог-студент атану үшін еліміздің сегіз жоғары оқу орнының студенттері жиналған-ды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Семейдің Шәкерім атындағы мемлекеттік университетінің студенті Аман Жұмсақбаев ең үздік филолог-студент атанды. Алматы, Астана, Көкшетау, Петропавл, Семей, Павлодар және Түркістаннан келген жастарды ШҚМУ-дың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры А.Мырзағалиева құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Олимпиаданың алғашқы күні командалар «Визитка» шығармашылық байқауында бақтарын сынаған болатын. Шығармашыл жастар өз ойындарында орыс тілі мен әдебиеті және оқытушылар жайында жылы лебіздерін айтып, филологиялық білімнің тамаша дәстүрлерін көрсетті. Мұнда қазылар алқасы мәдениет пен ұрпақтар сабақтастығын живопись, графика және тасқа өрілген иллюстрациялар арқылы көрсете білген Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің командасын үздік деп таныды.

Жалпыкомандалық есепте М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің командасы жеңіске жетті. Ал ШҚМУ командасы барлық сайыстарда тамаша қырынан көрінгенімен, дәстүр бойынша олардың көрсеткіштері жарыстан тыс деп есептелді. Жеңімпаздардың барлығы грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал Аман Жұмсақбаев үздік болумен қатар, өз университетіне 2015 жылы орыс тілі мен әдебиетінен республикалық студенттік пәндік олимпиаданы өткізу құқын алып берді.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив