KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Жазғы жайылымдықтарға су қашан жетеді?

30.03.2014, 18:00 131



Қазіргі күні Шығыс Қазақстан облысында 8,2 млн. гектар жайылымдық жер бар болса, соның төрт миллионға жуығы сусыз жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Су тапшылығының салдарынан жайылымдықтардың тең жартысы пайдаланылмай келеді. Олар малға өріс болуы үшін бірде-бір бастауы, өзені жоқ қыраттар мен белдерге 2438 суару құдығы мен скважина салу керек екен. «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында биыл сол аймақтарға 869 құдық қазып, қалпына келтіру үшін республикалық бюджеттен қаржыландыруға тапсырыс беріліп отыр.

Құдық салатын, ескі құдықтарды қайтадан жөндейтін шаруашылықтарға мемлекеттен инвестициялық субсидия бөлінеді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Қарлығаш Нұриханова сондай-ақ, биыл өңірде тамшылатып суару технологиясы бойынша суарылатын алқаптар көлемін арттыру да көзделініп отырғанын айтады.

Қазір 800 гектардан астам егістік осы әдіспен суарылуда. Мол өнім алуға, тыңайтқыштарды үнемдеуге тигізер септігі көп бұл тәсіл Үржар, Семей, Бесқарағай өңірлерінде кеңінен қолданылуда.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив