KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Жайылымдық жер кеңейтілді

13.12.2017, 09:26 108

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» аясында Аягөз ауданында 80-ге жуық құдық қазылып, төрт түліктің жайылымдық жері кеңейтілді.


Осының нәтижесінде 13 шаруашылық бірігіп, кооператив құрған. Жайылымдық жердің кеңуі малды қалың қар түскенге дейін жаюға мүмкіндік туғызды. Осылайша, жемшөп те үнемделеді. Ал келесі жылы қыстауларды жарықтандыру мәселесі де шешімін таппақ. Аягөз аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Әлібек Тоқбаевтың айтуынша, жайылымдарды суландыру бағытында Шұбартау өңірінде 76 құдық қазылған. Бүгінде сол құдықтарды елді мекендер де пайдаланып отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив