KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Мәдина Сәдуақасоваға сақина салынды ма?

14.01.2014, 18:00 152



Негізінен сырлы сезім турасында сыр шертетін әндерді орындаушы Мәдина Сәдуақасова туралы «тұрмысқа шығыпты» деген ақпар соңғы бірер күнде ғаламтор бетінде кеңінен талқыланып жатыр. Алайда, оның өміріндегі осынау өзгерісті көпшілігі болжаммен, жұрттан естігеніне сүйеніп қана білдіріп әлек. Шын мәнінде, ол тұрмыс құрды ма? Біз осы жайтты білу үшін әншінің өзіне хабарласқанбыз.

Өнер иесіне телефон шалғанымызда, тұтқаны оның көмекшісімін деп таныстырған Азамат есімді жігіт көтерді. Мәдинаны қазіргі таңда өзі де таба алмай жүргенін жеткізген ол, оның «ұзатылғаны» турасында әлдебір мәлімет таратудан бас тартты. Сондай-ақ сахна саңлағының өзі бұл турасында БАҚ өкілдерінің ешқайсысына жақ ашпағанын, оның жеке өмірі турасында осылай хабар таратылуының құптамайтынын және қосты.

- Бір айтарым, ұзатылу тойы әлі болған жоқ. Мәдина Сәдуақасова әзірге келін атанбады. Журналистердің бізге хабарласпай, жаһанға жар салғанына қайранмын, – дейді әншінің әкімшісі.

Сенімді дереккөздердің сөзіне сенсек, махаббат тақырыбында ән салатын Мәдинаның сүйген жүрегі – еліміздегі телеарналардың бірінде қоюшы-режиссер болып қызмет атқаратын Олжас Смағұлов есімді жігіт екен. Осы жылы 35-ші көктемін қарсы алғалы отырған Сыр өңірінің тумасы, осылайша, сүйгеніне сүрініп барып қосылмақшы.

Жастар порталы алдағы уақытта Сәдуақасованың өмірі мен өнері турасында нақтылы деректерге негізделген ақпараттарды таратып, әншінің өзімен жүргізілген сұхбатты жариялайтынын айта кету керек.

Ермек Естияр
Мәлімет көзі: Aynaline.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив