Отандық әнші Мәдина Садуақасова америкалық Техас штатының құрметті азаматы атанды. Бұл туралы "Время" газеті жазады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Бұл елеулі оқиға әншінің жуырда өткен гастрольдері кезінде орын алды. Мәдина басқа сахна жұлдыздарымен бірге "Жібек жолы" деп аталатын мәдени шараға қатысқан болатын.
Әнші әндерін қазақ тілінде орындаса да, оның өнері көрермендерге ұнағаны соншалық, америкалықтар оны өз қатарларына қосуды жөн санапты.
Бірақ Мәдина Техастың Құрметті азаматы болу оған қандай басымдық беретінін түсінбеген көрінеді.