KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Ең көлемді көрме Семейде ұйымдастырылды

17.12.2013, 18:00 245


Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында Семей суретшілерінің соңғы жылдардағы ең көлемді көрмесі ұйымдастырылды. 60 автордың 150-ге жуық кескіндеме және графика шығармалыры келушілердің назарына ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі мұражайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрменің негізгі ойы – шығармашылық еркіндік. Тақырыпты, стильді, техниканы таңдауда шектеулер қойылмағандықтан бұл жерден станокты кескіндеме, бірегей және баспа графика, графикалық дизайн, бейне-арт, инсталляция, арт-объектілер, көркем – азаматтық объектілерді табуға болады.
Бұл көрмеде реалистік портреттер мен пейзаждар, сюжеттік және абстракты композициялар, «фэнтэзи» тақырыбына ізденістерді көруге болады.

Көрмеде кәсіпқой суретшілермен бірге жастардың да - көркемсурет оқу орындарының түлектері мен студенттерінің туындылары қойылған. Көрмеде қойылған авторлардың өзіндік дүниені сезінуді беру тәсілдері алуан түрлі. Шығармашылық жастар қаланың көркемдік өміріне жаңа қарқынды идеялар қоса отыра, өздерінің шәкірттері мен замандастарын шабыттандырады деген үміттеміз.

«Суретші үшін көрменің қай-қайсысы болса да - бұл кездесу, қарым-қатынас қуанышы. Ең маңыздысы – өзінің сезімдері және ойларымен өнерді түсінетін, сүйетін адамдармен бөлісу мүмкіндігі екені даусыз», дейді көрменің кураторы Т.Стромская.


Мәлімет көзі:Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив