KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 1 м/с, З
441.58 480 4.86

Екі жұмысшыны ажал аузынан құтқарып қалды

23.11.2013, 18:00 123


Семейлік әскери қызметкер екі жұмысшыны ажал аузынан құтқарып қалды. Осы ерлігі үшін Ердан Садықов Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының арнайы Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оқиға былай болған. Су құбырын дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан үш адам аяқастынан ауа жетпей булығып, қатты тұншығады. Естерінен тана бастағандықтан өз күштерімен шұңқырдан шыға алмай да қалады. Дәл осы кезде олардың
қасынан Ержан Садықов өтіп бара жатқан-ды.

Ол адамдардың қиналған дауыстарын естіп дереу көмекке ұмтылады. Шұңқырдағы адамдарды сыртқа шығаруға кіріседі. Уланғандардың екеуін құтқарғанымен, үшіншісін аман алып қалу мүмкін болмайды. Осы ерлігі үшін төтенше жағдайлар басқармасы әскери қызметкерді марапаттап, бағалы сыйлық табыс етті.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив