KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Өскеменде әлеуметтік дүңгіршектер ашылады

10.11.2013, 18:00 245


Өскеменде азық-түлікті арнайы арзан бағамен сататын әлеуметтік дүңгіршектер ашылатын болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің тапсырмасымен ұйымдастырылып жатқан дүңгіршектердің саны 33 болады деп жоспарланып отыр.
Алдағы күндері қала көшелеріне әзірге 8 дүңгіршек орнатылмақ. Олар сарғыш-жасыл түспен ерекшеленіп тұрады. Сауда нүктелерінде тұрақтандыру қоры мен «Дина» базарының өнімдері еш делдалсыз және үстеме бағасыз сатылады деп күтілуде.

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, Өскеменде азық-түлік бағасының көтері-луіне жол берілмек емес. Қалалық әкімдік пен өндірушілер арасында меморандум бекітілген. Әлеуметтік сауда нүктелерінде нан – 45, сүт – 155 теңге болып қала береді. Нан биыл қымбаттамайды, себебі, егін мол, бидай бағасы арзан.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив