KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

Мұғалімдерге бірқатар әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған

26.09.2013, 18:00 174


Ауылдық жерде жұмыс істейтін педагогтар үшін мемлекет тарапынан бірқатар әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жергілікті өкілді органдардың шешіміне сәйкес айлық еңбекақы мен тарифтік мөлшерлемелер кемінде 25%-ға арттырылып белгіленеді. Сол сияқты коммуналдық қызмет түрлерінің шығындарын жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша белгіленетін мөлшерде бюджет есебінен біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.

Еліміздің заңнамасында қарастырылған қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылып, жеке меншігінде малы бар білім саласы мамандарына жемшөп, жайылымдық, шабындық жерлер беріледі.

Сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында ауылға барған жас мамандарға бір реттік көтермеақы төленіп келеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив