KZ
Өскемен
+9°
дождь жел 3,5 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

Коммуналдық қызметке кеткен шығынға төлемақы беріле ме?

23.09.2013, 18:00 156


– Мен ауылдағы мектепте мұғалім болып қызмет істеймін. Тұратын жер үйім орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Білгім келетіні, таяуда бір танысымнан коммуналдық төлемдерге кеткен шығынды жабу үшін берілетін, заңмен қарастырылған өтемақы бар деп естіген едім. Сол рас па? Сол жөнінде толығырақ білгім келеді.

Г.Абаева
Шемонайха ауданы.

Сауалға облыстық кәсіподақтар кеңесінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, заңгер Б.Нұрпейісов жауап береді:

– Иә, сіз коммуналдық қызметке кеткен шығынды жабуға өтемақы талап етуге толықтай құқылысыз. Ол – қолданыстағы заңмен қарастырылған тәртіп. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 маусымдағы №319-III Заңының 53-бабына сәйкес, ауылды жерлерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагогикалық қызметкерлеріне коммуналдық төлемдерге кеткен шығынды жабуға және тұрғын үйді жылытуға отын алуға ауданның жергілікті өкілетті органының (мәслихаттың) шешімі бойынша бюджет қаржысы есебінен бірреттік ақшалай өтемақы төленеді.

Сіз коммуналдық қызметке кеткен шығындарға өтемақы ала аласыз.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив