KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» байқауының екінші туры өтті

25.09.2013, 18:00 151


Өскемен қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүгедектердің қоғамдық ұйымдары арасында «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» байқауының екінші туры өтті. Оның қорытындысы бойынша жеңіске жеткендер қарашада Астана қаласында өтетін республикалық конкурсқа жолдама алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оқушылар Сарайының сахнасында іріктеу турларының жеңімпаздарымен бірге қиыншылықтарға қарамастан қандай да бір биіктерге шыққан талантты балалар да өз өнерлерін ортаға салды.

– Облыс басшылығының атынан жас артистердің педагогтарына үлкен алғысымды білдіремін, – деді ШҚ облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар. –Мен біздің балалар жеңімпаздар қатарынан көрінеді деп сенемін.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Ольга Кузовлева мұндай конкурс республикада алғаш рет өткізіліп отырғанын және бұл шара байқауға қатысушылар мен олардың туыстары үшін де өте маңызды екенін атап өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив