KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Қазақстандық және неміс футбол федерациялары арасында өзара әріптестікті дамыту туралы меморандумға қол қойылды

23.09.2013, 18:00 165


Семейде өткен футбол мерекесі шеңберінде қазақстандық және неміс футбол федерациялары арасында өзара әріптестікті дамыту туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Бірінші кезекте, шақырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Бұл – мен үшін үлкен құрмет. Сіздерді Германия футбол федерациясының атынан Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Екі елдің футбол федерациялары арасында әріптестік қарым-қатынасты дамыту туралы меморандумға қол жеткізгеніміз үшін қуаныштымыз. Бұл – футбол өміріндегі тарихи оқиға. Осындай екіжақты байланыстар арқылы қазіргі уақытта Германияда жастар футболына инвестиция құю барысын байқауға, зерделеуге болады. Олар – ертең ұлттық құрамада өнер көрсететін жастар. Футболды дамытуда атқарылатын жұмыстар легінде өзара тәжірибе алмасу қай-қайсымызға болсын пайдалы. Біз осы салада әрі қарай жұмыс істей отырып, ойға алған мақсат-мұраттарымызды бірге жүзеге асырамыз, – деді аты аңызға айналған әлемдік футбол жұлдыздарының бірі Хорст Хрубеш мырза.

Хорст Хрубеш Германия құрамасы сапында доп тепкен неміс футболшысы, Еуропа чемпионы (1980 жыл), Германия чемпионы (1979, 1982, 1983 жылдар), Еуропа чемпиондары кубогының иегері (1983 жыл) және бірнеше мәрте «Үздік шабуылшы» атақтарын жеңіп алған. Ол бүгінде Германияның ұлттық жастар құрамасын жаттықтырады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив