KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Достық үйінде Орыс тілі күні мерекеленді

12.09.2013, 18:00 194


Семей қалалық Достық үйінде Орыс әлеуметтік-мәдени орталығы және «Ертіс шамшырақтары» әдеби бірлестігі бірлесіп «Орыс тілі күнін» ұйымдастырды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Іс-шара ауызша журнал түрінде өткізілді. Оған М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенттері және Семей өңірінің ақындары қатысты», дейді Достық үйінің әдіскері С. Ешімова.

Ауызша журнал 2 беттен тұрды. Біріншісі - «Орыс тілін ұлықтаймын» деп аталса, екіншісі орыс тілі жөнінде қалам қозғаған ақындардың өлеңдеріне арналды. Жиналған тыңдармандарды әдеби бірлестіктің жұмысы қатты қызықтырды. Ақындар барлық сұрақтарға жауап берді.

Ұйымдастырушылар іс-шараны қорытындылай келе, көрермендерге орыс тілінде дұрыс сөйлеуге, нормативтік емес лексиканы пайдаланбай, тілдің классикалық түрінде сөйлеп, шетелдік сөздерді араластырудан аулақ болуға шақырды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив