KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Тұрғысын өзенінде шағын ГЭС салып, биогазды тұтыну керек

9.09.2013, 18:00 280


Қазіргі күн тәртібінде өткір тұрған мәселенің бірі – энергия үнемдеу. Оның ішінде үнемділікке шағын ГЭС-тер салу, желдің, күннің қуатын, биогазды пайдалану арқылы қол жеткізу.

– Зырян ауданындағы Тұрғысын өзеніне тұрғызылатын шағын ГЭС-тің құрылысы биыл басталып, келесі жылы ол өзінің белгілі бір мөлшердегі алғашқы энергиясын беруі керек. Сол сияқты Тайынты (Ұлан ауданы) мен Жаңғызтөбедегі (Жарма ауданы) жел стансалары да келер жылдан іске қосылуы тиіс, - деп нақтылаған облыс басшысы диодтық лампалар мен есептеуіш құралдарды тұтынуға басымдық берудің тиімділігін атап көрсете келе, мұны ең бірінші кезекте бюджеттік мекемелерден бастауды ескертті.

Сонымен қатар аймақ басшысы Ұлан ауданындағы В.Воропайдың биогаз өндіру тәжірибесін қарастырып, тиімді болса оны ары қарай жетілдіру қажеттігін еске салды. Әсіресе, бұл қуат көзі электр желісі тартылмаған шалғайдағы мал қыстақтарын, фермаларды жарықпен қамтамасыз етуде барынша ұтымды. Себебі, биогазға қажетті шикізат, яғни малдың қиы сол жердің өзінде артығымен жеткілікті.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив