KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Жүйке ауруына шалдыққан 3 науқасқа жүргізуші куәлігі берілген

3.09.2013, 18:00 305


Шығыс Қазақстан облысында наркомания, алкоголизм диагноздарымен медициналық есепте тұрған 48 адам мен жүйке ауруына шалдыққан 3 науқасқа жүргізуші куәліктері берілген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі .

Департаменттің баспасөз қызметі жолдаған мәліметтерге сәйкес, бұл заңбұзушылықтарды Шығыс Қазақстан қаржы полициясы департаментінің ақпараттық талдау бөлімінің қызметкерлері анықтаған. Қазір тексеру материалдары ШҚО ІІД процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Тексеру қорытындысы бойынша ШҚО ІІД жүргізуші куәлігін заңсыз алу үшін жалған медициналық анықтамаларды жасаумен айналысқан анықталмаған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 325 бабының 1-тармағы (жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив