KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

«Біздің Оралханның» біз білмейтін қыры көп

3.07.2013, 18:00 214


«Біздің Оралхан». Таяуда ғана «Орхон» баспасынан жарық көрген жаңа кітап осылай аталады. Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жерлесіміз Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойына орай шығарылған кітапқа облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің жүрекжарды тілегін арнады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жинақтың құрастырушысы, жазушының бұрынғы жинақтарына енбеген шығармаларын архив қорларынан іздеп, тауып, естеліктер мен мақалаларды жан-жақтан жинастырған – Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы Дүйсен Бралинов.

Бұл кітаптан оқырман Оралхан Бөкейдің бұрын ешбір жинақтарына енбеген бірнеше әңгімелері мен очерктерін оқи алады. Мұнда аудандық «Еңбек туы», облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») және республикалық «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» сынды басылымдарда жарияланған шығармалары топтастырылған.

Жазушының бұрын-соңды ешқайда жарияланбаған бір-неше өлеңдері де бұл кітаптан орын алыпты. Иә, Оралхан 1964-1968 жылдары Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде қызмет істеді. Бұл уақыт Оралханның үлкен әдебиетке әлі келе қоймаған кезі.

Десе де сол жылдары аудандық газетке жарияланған «Өзі сүйген», «Қош, махаббатым», «Бұл бір сыр еді», «От басындағы екеу», «Жолда» және тағы басқа да дүниелері-нен үлкен жазушының қаламының қарымын байқауға болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив