KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақмыс Тобының директорлар кеңесінде өзгерістер болады

21.08.2013, 18:00 91


Қазақмыс Тобы Филип Айкеннің 2013 жылғы тамыз айының соңында ДК құрамынан кететіндігі жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Корпорацияның баспасөз қызметінің мәліметінде көрсетілгендей, Филип Айкен алты жыл бойы Атқарушы емес директор болды. Соның ішінде төрт жыл Аға тәуелсіз директор және Қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Комитеттің Төрағасы қызметін атқарған.

Жаңа Тәуелсіз атқарушы емес директордың тағайындалғаны туралы ақпарат тиісті тәртіппен жарияланатын болады. Аға тәуелсіз директор қызметін Майкл Линч-Белл атқарады, ал Қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Комитеттің Төрағасы қызметіне 2013 жылдың маусым айында Чарльз Уотсон тағайындалған болатын.

«Топтағы көпжылдық еңбегі үшін, Директорлар Кеңесі қызметіне қосқан зор үлесі үшін, әсіресе қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау мәдениетін дамыту ісіндегі маңызды ролі үшін Айкен мырзаға үлкен алғыс айтамын. Оның өнеркәсіп пен табиғи ресурстар саласындағы білімі мен тәжірибесі бізге көп көмектесті», деді Қазақмыс Тобы Директорлар Кеңесінің атқарушы емес Төрағасы Саймон Хил.

Өз кезегінде Филип Айкен Қазақмыс Тобындағы алты жылдық жұмысы оның өміріндегі ең маңызды кезең болғанын атап өтті. "Біз ENRC корпорациясындағы акциялар үлесімізді сату жөнінде келісім-шарт жасадық, жаңа Тәуелсіз төрағаны тағайындау процесін аяқтадық, сондай-ақ менің басқа компаниялардағы міндеттерімді ескере отырып, енді отставкаға кетуге де болатынын түсіндім. Қазақмысқа бар жақсылықты тілеймін және компанияның бұдан әрі дамуын қызығушылықпен бақылап жүремін" деді Айкен.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив