KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Өскемендік дәрігерлер Ресейде тәжірибеден өтеді

8.07.2013, 18:00 71


Өскемендегі облыстық ана мен бала орталығының мамандары Ресейдің Алтай өлкесіндегі әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемендік маман-дәрігерлер 9-11 шілде күндері Барнаул қаласындағы «Алтай өлкелік-клиникалық балалар ауруханасы» және «Алтай өлкелік перинатальды (клиникалық) орталығы» мекемелерінде және травматология, ортопедия және эндопротездеу жөніндегі федералдық орталықтарда болмақ.

– Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі мен Алтай өлкесі басшылығы арасында жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асатын бұл сапар үстіміздегі жылдың сәуір айында біздің дәрігерлердің Барнаулда болған сапарының жал-
ғасы деуге де болады. Ол жолы біздің жетекші ауруха-налардың басшыларын ресейліктердің денсаулық саласын ақпараттандыруы, атап айтқанда, ондағы электронды кезек кестесі ерекше қызықтырған болатын. Бұл жолы да біздің дәрігерлер медицинадағы жаңалық-инновациялар-ды көптеп үйреніп қайтады деген сенімдеміз, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мамандары.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив