KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Дәрігер мамандарға арналған жас ақындар айтысы

9.06.2013, 18:00 386


Семей мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдығына орай «Студенттік күндерім – жалынды жыр-дүрмегім» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Семей қалалық ақындар мектебінің жетекшісі Дәмеш Омарбаева мен университет басшылары мұрындық болған айтыста әжелер шашу шашып, оң баталарын бергеннен кейін жыр-доданы Абзал Қабдыраш пен Секей Серікболат бастады. Ал ел алдына бұларды өкшелей шыққан алматылық Алтынбек пен семейлік Назгүл қыз-жігіт айтысының тамаша үлгісін көрсетіп, әзіл-қалжыңмен жұртты біраз күлкіге батырды. Өскемендік Қуаныш Еркін мен семейлік Манарбек Сатыбалдин студенттердің өмірінен сыр шерте отырып, оларды жақсы маман болуға үндеді.

Жыр мерекесінің нағыз қызу болған тұсы семейлік Нұржан Өмірбаев пен жамбылдық Қанат Мырзахан айтысы болды. Нұржан медицина университетінен түлеп ұшқан мамандардың еңбегін жоғары бағалай келіп, кейбір дәрігерлердің осы атқа лайық болмай, адам өмірін ойыншыққа айналдыратынын көлденең тартты, сонымен қатар бұл әсіресе, Оңтүстікте көбірек орын алатынын айтып, бір түйреп өтті. Гүлназ Армия мен Нұрлан Бекітбаев шыққан соңғы жұпта Гүлназ ақындығына қоса әншілігімен де көрермендерді тәнті етіп, басымдық танытты.

Он ақын да аянып қалмаған дода соңында бас жүлдеге Гүлназ Армия лайықты деп танылса, I орынды Нұржан Өмірбаев, одан кейінгі II және ІІІ орындарды Қанат Мырзахан мен Назгүл Ибраева иеленді.

Мәуітқазы Зүкенов

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив