KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Бүгін Қазақстан мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді

3.06.2013, 18:00 121


Бүгін, 4 маусым күні, Өскемендегі Абылай шыңында салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. 1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстан байрағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбезі тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив