KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

Томскіден жеткен алғыс хат

2.06.2013, 18:00 287


Томск ұлттық зерттеулер политехникалық университетінің ректоры П.Чубиктен жазушы, деректі шығармалардың шебері Медеу Сәрсекеге алғыс хат келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алғыс хатта ол Медеу Сәрсекеге Сібір ғана емес, Ресейдегі үздік жоғары оқу орындарының басшылары Қаныш Сәтпаев туралы жазылған «Феномен» кітабына ризашылықтарын білдіріп, аталған туынды университет мұражайынан лайықты орын алғандығын айтқан.

Медеу Сәрсекенің 2009 жылы Қаныш Сәтпаевтың 110 жылдығына орай жарық көрген «Дара дарын» және «Феномен» кітаптарында мемлекет және қоғам қайраткерлері Нұрлан Нығматуллин мен Серікбек Дәукеевтің демеушілік етуімен университет мұражайында Қ.Сәтпаевқа арналған үлкен бөлім бар екендігі айтылған.
Солайша ағамыз бір кездері Қ.Сәтбаев оқыған қала мен Қазақстан арасындағы байланысқа қал-қадірінше өз үлесін қосып келеді. Томскіден жолданған хат – соның айқын айғағы.

Дәулет Сейсенұлы

, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив