KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 7 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Қазақстанға 3 мыңнан астам контрабандалық ұялы телефон әкелінді (+сурет)

22.05.2013, 18:00 227


Алматы қаласында 3 мыңнан артық контрабандалық ұялы телефондар тәркіленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметіне жүгініп.

Жергілікті ЖШС-дің бірінің атына Біріккен Араб Әмірлігінен салмағы 834 килограмды құрайтын жүк келген. Декларацияға сәйкес, оның ішінде жалпы құны - 8 100 АҚШ долларын құрайтын автокөліктің қосалқы бөлшектері: фитингтер, бүгілімдер, біріктіргіштер, муфта мен флянец тауарлары болу керек еді.

Қазақстанға 3 мыңнан астам контрабандалық ұялы телефон әкелінді (+сурет)Қазақстанға 3 мыңнан астам контрабандалық ұялы телефон әкелінді (+сурет)

Алайда кеден қызметкерлері жүкті тексеріп көрмек болғанда, әртүрлі модификациядағы жалпы саны 3005 бірлік болатын түрлі маркалы ұялы телефонын тапқан. Олардың тізімінде бүгінде ел нарығындағы ең қымбат ұялы телефондары болып табылатын : «IPhone 3G», «Iphone 4S», «Iphone 5», «Samsung Galaxy», «HTC», «Sony», «BlackBerry», «Nokia» және «Samsung Galaxy Note» маркалы 60 дана планшет бар.

Қазір аталмыш оқиға бойынша Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінде тергеу алды жұмыстары жүргізіліп, осы дәйекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау қарастырылуда (экономикалық контрабанда).

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив