KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
440.92 475.36 4.82

Семейде үшінші рет Вена балы өтті

7.11.2012, 18:00 199


2012 жылдың қараша айының 2 күні қаламызда үшінші рет Қазақстан Студенттер Альянсы корпоративтік қоры ұйымдастыруымен және демеушілердің қолдауымен қалалық деңгейде Вена балы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Вена вальсін орындаған 200 астам жұп би дәстүрі бойынша арнайы киім үлгісінде Семемй қаласының «Мереке» мейрамханасында өз өнерлерін көрсетті. Вена балында әсем әуенмен әрленген тамаша дебютанттар ретінде тоғыз ЖОО-ң студенттері дөңгелене вальс билеп шықты. Классикалық музыка, үлдемен-бүлдеге оранған арулар мен смокинг киген жігіттер салтанаттың сәнін келтірді. Жауған қардай аппақ көйлек киген қыздар мен жігіттердің қара костюмдері, әдемі әуен, бөлменің әзірленуі - сол замандағы балдардың бірінде жүргендей әсер қалдырады.

Вен балының тарихын қарастырсақ, Вена қаласы вальс өнерінің отаны болып саналады және бүгінгі күнге дейін әлемдік балдың астанасы деген атаққа ие. Жалпы Венаның опералық балы Австрия мемлекетінде үлкен дәстүрге айналған. Мұндай қайырымдылық шаралары Прага, Нью-Йорк, Рим, Токио және Мәскеу қалаларында өткізіліп келген. Ал, 2007 жылы Алматы қаласы Вена балын өткізу мәртебесіне ие болды. 2009 жылы Вена балы Қайырымдылық балы деп өзгертіліп, 21 қарашада Алматы қаласында «Eventica Group» компаниясының басшылығымен өтті. Қазақстан бойынша І балға екі мыңнан артық қонақ жиналды және ТМД елдерінің ішіндегі шоқтығы биік шараға айналды. Оған Татьяна Арнгольц, Людмила Артемьева, Иван Жидков, Оксана Пушкиналар келді. Осыдан кейін қайырымдылық акциясын жыл сайын елімізде өткізу дәстүрге айналды. 2010 жылы 20 қарашада оңтүстік астанадағы «Алматы Тауерс» қонақүйі ІІ Қайырымдылық балына қатысушыларға есігін айқара ашты. Бұл жолы ұйымдастырушылар ЮНИСЕФ-тің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Балалар қорымен серіктес бола отырып, билеттен түскен қаржыдан Семей өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың ауруханасына диагностикалық аппарат сатып алуға қажетті ақша аударды. Кезекті шараның ерекшелігі сол, «Жұлдызды бал» деген атаққа ие болды. ІІІ Қайырымдылық балыға 60 жұп дебютант пен Селезнев атындағы хореография училищесінің тәрбиеленушілері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған қаражаттан 6 миллион теңгені ЮНИСЕФ-ке бөлген. Дүбірлі жиын «Полонез» биімен басталды. Алғаш рет балда балалар хоры өнер көрсетті. Шақырылған қонақтардың ішінде сопрано дауысты Алекс Луна мен Италияның әйгілі жұлдызы Лобертино Лоретти болды деседі.

Аталмыш балға Семей мемлекеттік педагогикалық институты атынан 16 жұп қатысып, өз өнерлерін, яғни жұптардың әсемдігін көрсетті. Кеш қорытындысында 3 аталым бойынша жеңімпаз болған жұп, яғни тоғыз ЖОО-ң ішінен жарып шыққан Семей мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан Студенттер Альянсы атынан шыққан жұп болып танылып, (көсбашысы- Асем Кабдулина) 1-ші орнға ие болып, «Қазақстан Студенттер Альянсы» кубогына ие болды. Ал, бір жұп - Маржан Құрманова физика-математика факультетінің 1 курс студенті осы кештің «Ханшайымы» атанды.

Бал биін билеу екінің бірінің қолынан келе бермейтін «Би патшасы» десек, қазіргі жастар өркениет көшінен қалыспай, әлемдік өнер түрін игергеніне біз шын жүректен қуанамыз.

Мәлімет көзі: Лиза Готман
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив