KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Алматы әуежайын «жармақ» болған екі қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты

5.05.2013, 18:00 103


Семей қаласында Алматы әуежайында «жарылғыш заттар қойылған» деп жалған хабар таратқан екі күдіктіге қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз парағында көрсетілгендей, қамауға алынғандар ағымдағы жылдың 19-қаңтарында өзара келісіп, ұялы телефон арқылы әуежайда жарылғыш заттар бар деп хабарлаған.

"Осы іс-әрекеттерінің кесірінен олар Алматы қаласының халықаралық әуежайына 277 519 теңге, Алматы ТЖД-нің өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметіне 86 198 теңге, Семей ІІД-не 36 184 теңге, ШҚО бойынша ҰҚД-не 118 847 теңге шығын келтірді», - деп түсіндірді сотта.

Сот үкімімен күдіктілер кінәлі деп табылып, бес жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив