KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

ШҚ облысында «Жасыл ел» мен СҚЖЕО үшін жергілікті бюджеттен 6 миллион теңге қарастырылып отыр

28.04.2013, 18:00 118


Биыл Семей мен Өскемен қалаларында «Жасыл ел» мен СҚЖЕО үшін облыстық бюджеттен 6 миллион теңге қарастырылып отыр. Үстіміздегі жылы 3,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ. Сонымен қатар Ресейдің Алтай аймағы мен Беларусь Республикасымен студенттік отрядтың жауынгерлерін алмасу мәселелері де қарастырылып жатыр , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен студенттік құрылыс, жастардың еңбек және «Жасыл ел» отрядтарын ұйымдастыру жұмыстары бойынша жастар ісі жөніндегі кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды.

Бір анықталғаны, студенттер Өскемен–Барнаул – Бобруйск секілді туыстас қалаларға барады. Шығыс Қазақстан Могилев облысы мен Алтай аймағынан 10 адамды қабылдауға әзір. Жастар арасында үгіт-насихат жұмыстары басталып та кетті. Қазіргі уақытта 732 тапсырыс та түскен. Десе де бұл әлі аз, ЖОО-ында әлі де жұмысты белсенді жүргізу қажет.

Облыстық құрылыс басқармасының бастығы Игорь Литвиновтің сөзіне қарағанда, 25 құрылыс нысаны студенттерді қабылдауға және оларға лайықты жалақы төлеуге дайын. Барлығы 500-ден астам адам қажет. Құрылыс басқармасы құрылыс отрядтарын қолдауға дайын. Жалақы біліктілік деңгейіне қарай төленеді. Студенттер тамақ пен жатын орынмен қамтамасыз етіледі екен.

– Студенттер тек ақша тауып қана қоймай, өздерінің біліктілігін де көтеруі тиіс, – деді аймақ басшысының бірінші орынбасары Ермек Көшербаев басқосуда.

Сондай-ақ, Ермек Көшербаев ертеңгі күні түсініспеушілік болмау үшін қазірден бастап қала және аудан әкімдерімен студенттік құрылыс отрядтарын орналастырудың бүге-шігесіне дейін талқылап, шешіп алудың қажеттігін де ескертті.

Кеңес отырысының соңында аймақтың ЖОО мен СҚЖЕО арасында арнайы меморандумға қол қойылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив